Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай Қуат Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында «Қамқорлық» айы аясында мерекелік шара ұйымдастырылды.Толығырақ келесі сюжетте.

Отыз жыл ішінде бұл ұйым аға буын өкілдері үшін сенімді тірекке айналды. Ардагерлер кеңесі қарттарға көмек көрсетумен қатар, елдің тарихын сақтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде де маңызды рөл атқарып келеді. Ардагерлер жаңа жобаларға белсене қатысып, жастарды ізгі істерге жетелеуде..

Сейсенбай Жетпісбаев, Павлодар облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Облыс бойынша ең ардагерлер саны көп, 62 мыңдай зейнеткер ардагерлеріміз бар. Қала бойынша 8 микрорайон бар. Атамекен, Кенжкөл, павлодарское деген сияқты.Ардагерлер осының бәрін өздерінің 30 жылдығына арнап отыр.

Шара барысында ардагерлерге алғыс хаттар табысталып, бірқатар еңбегі сіңген азаматтар марапатталды.Солардың қатарында – білім саласында 30 жылдан астам қызмет еткен, Еуразия инновациялық университетінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Наталья Ильинична Матвеева. Ол «Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім министрлігінің» төсбелгісімен марапатталды.

Наталья Матвеева, университеттің ардагерлер кеңесінің мүшесі

Биыл мен үшін қос мерейтой 60 жылдық үздіксіз еңбек өтілім және еуразия инновациялық университетінде еңбек өткеніме 20 жыл.Шынымды айтсам қазір бойымды түрлі эмоциялар билеп тұр. Осы тұста мен әсіресе құжаттарды рәсімдеуге барынша көмектескен Ардагерлер кеңесіне шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Салтанатты кеш барысында көрермендерге «Ертіс әуендері» шығармашылық ұжымы өз өнерін тарту етті. Бұл хор 2018 жылы Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен құрылған. Оның құрамында 42 қария бар. Олар халық және классикалық музыканы сүйіп, белсенді өнер көрсетіп жүр. Ұжымдағы ең үлкен қатысушының жасы — 88-де, ал орта жасы — 73.

Қала бойынша осындай 25 мерекелік шара өткізілді. Ең ауқымды қорытынды кеш Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтпек.

Кенже Кеңесбаев, Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ардагерлер кезіңде аллюминий зауыты ардагерлері бастаған осы ұйымды құрған. Ардагерлердің арасында өте белсенді демалыс ұйымдастырып жүрген азаматтар бар. Бірвқ өкінішке орай денсауылығы нашар азаматарда бар.Әрине біз оларға ас-суын апарып қарым – қатынас жасаймыз.

Павлодар қалалық ардагерлер кеңесі 30 жыл ішінде ел мүддесіне қызмет еткен аға буынның үнін естіртіп, еңбегін елеулі етіп келеді.

Дильназ Қуанышбекқызы