Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – қоғамдағы ең ізгі мерекелердің бірі. Қазан айының соңғы жексенбісінде тойланатын мерекеге орай Павлодарда осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген қызметкерлер қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Әлеуметтік қызмет – ізгілік пен қамқорлықтың нышаны. Бұл сала мамандары өмірдің қиын кезеңінде адамдарға қолдау көрсетіп, үміт пен сенім ұялатады. Мұндай жауапты істі атқару үшін әр қызметкерге кәсіби білікпен қатар, сабыр, төзім және адамға деген шынайы сүйіспеншілік қажет.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Құрметті біздің ардагерлер және бүгінгі таңда даәлеумттік салаға қызмет етіп жүрген жандар! Павлодар қаласы басшылығының атынан сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін.
Марапатталғандардың арасында әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп, халыққа адал қызмет көрсетіп жүрген мамандар бар.
Сандуғаш Дандина, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші
Бүгінгі әлеуметтік күнімен барлық әріптестерімді құттықтаймын.Оларға зор денсаулық тілеймін. Жұмыстары жемісті болсын.
Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Дильназ Қуанышбекқызы