Өңірде қазір 14 500 адам жұмыссыз жүр. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында жұмыспен қамту басқармасының басшысы айтты. Бұл санаттағы азаматтар санын азайту үшін қандай шаралар қолға алынбақ? Тілшіміз тарқатады.

Брифинг барысында басқарма басшысы өңірде еңбек жағдайы тұрақты екенін айтты. Биыл бекітілген жұмыс картасына, яғни жоспарға сай 25 мың тұрғынға екі қолға бір күрек табу көзделген еді. Бұл меже белгіленген міндеттен асып, оң нәтижеге қол жеткізген.

Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

3тоқсан аясында өңірлік карта бағыттар бойынша іске асырылды. Ол инфроқұрылым бойынша 1270 адам сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындарына 5 976 адам содан кейін Президентіміздің тапсырмасы бойынша 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бастамасы бойынша 7 мыңнан астам Ауыл аманаты бйоынша 322 сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 406 грант беру жоспарланған болатын. Және де бос вакансия бар. 9958 болантынбыз. 100,2 пайызға орындалып отыр.

Қазір өңірде 14 545 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Алайда мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп отырады. Себебі «Enbek.kz» порталына тіркелген азаматтар кейде қысқа мерзімге жұмысқа орналасып, кейін қайтадан жұмыссыздар қатарына қосылады.

Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Былтыр жылдың соңында 19 мың адам есепте тұрған болатын. Тіркеу жеңіл болып жатыр. Бұрын мансап орталықтарына келіп тіркеуге тұратын болса қазіргі таңда олар мобильді қосымша арқылы үйден тіркеле береді. Жұмыссыз жүрген адамдарды 0 ге әкелу оңай процесс емес.

Еңбек етемін деген адамға жұмыс бар. Бұған мемлекет қолдау білдіріп отыр. Ісін дөңгелетемін деген азаматтарға 1 жарым млн теңге грант бөлінеді. Бүгінде 405 тұрғынға ақшалай қолдау көрсетілді. Жыл аяғына дейін тағы 40 кәсіпкер бұндай қаржылық демеуге ие болады.

Әйгерім Тоқпанқызы