Соңғы айларда қала сыртында және оның айналасында рұқсат етілмеген мал жайылымы мәселелеріне қатысты шағымдар көбейген. Сондықтан, бақылаусыз мал жайылымы үшін 1500-ге жуық адам жауапқа тартылған.
Мал шаруашылығы ауылдық жерлерде басты кәсіптің табыс көзі деп саналады. Күз мезігілінде, мал ұрлығы да жиілей түсетіні анық. Оның басты себебі қараусыз жайылып жүрген мал. Өйткені, төрт түлік иелері малды қараусыз жайылымдарға жібереді. Бұдан басқа, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың бойында да қараусыз жүрген малдар жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады.
ҚҰРАЛАЙ МҰҒАДИЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Жетекші кентінің жанындағы тас жолда жылқылардың қараусыз жайылу фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары тиісті ережелерді бұзғаны үшін мал иесін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция департаменті адамдарға жайылымда жүрген малдарға аса жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Сондай-ақ, мал таңбалау, ұстау орындарын көбейту, бейнебақылау камераларын орнатып, жануарлардың жол бойына шықпауларын қадағалауда ұстаған жөн. Бұдан басқа, мал басын ауылдық әкімдіктерде есепке қойып, чиптеу жүргізу қажет.
Сабина Жолдаспаева