6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстан болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан елімізде қолдау білдіретін жандар да бар.
Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы – бұл алдағы ұзақ жылдарда елдің табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба болмақ.
САМАТ МӘНЕНОВ, ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Референдум өткізу өте заңдылық. Өйткені, ғалымдардың айтуы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда энергетика тапшылығы сезіледі екен. Оны атом станциясы ғана шешпек. Осы тұрғыдан алғанда Президенттің көтеріп отырған бастамасы өте дұрыс деп ойлаймын. Және басқалары сияқты осы АЭС-ын пайдалануды қолдаймын. Жолдауда қамтылған сұрақтар өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы, заң, білім, деннсаулық сақтау саласындағы да көптеген түбегейлі мәселелерді шешу туралы сөз болды
Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Әрі болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген елде өмір сүреді.
Қымбат Садық