Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум келесі айда өтеді. Халықты ақпараттармен хабардар ететін өңірлік штаб бір апта ішінде атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Толығырақ алдағы сюжетте.
Атом Электр Станциясының құрылысына қатысты референдум алдында өңірлік штаб құрылған еді, оған 7 мыңнан астам адам қамтылған.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Осы жеті мобильді топтың құрамына 10-15 адам бар. Бұл сарапшылар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, елдің жетекші партиялары, қоғамдық бірлестік, жастар. Барлығы халықты референдумның негізгі бағыттарымен қарапайым тілде түсіндіріп береді, оның артықшылықтары туралы да кездесулер өтеді
Қазіргі уақытта штаб өкілдері облыстың шалғай аудандарына барады. Бір апта ішінде олар елдімекендерге , шаруа қожалықтар мен аймақтағы еңбек ұжымдарымен кездеседі. Бір апта ішінде 170-тен астам кездесу ұйымдастырлған. Штабтың қызметі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
ДАНИЯР ЖҰМӘДІЛ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ
Ел болашағы үшін осындай маңызды мәселе қаралып жатқан кезде ешкім қалыс қалмауы тиіс, ең бастысы осы. Одан кейін енді әркім өз таңдауына қарай таңдау жасайды. АЭС біздің еліміздің экономикасына ғана емес, бұл энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде өте маңызды дүние. Сондықтан, осындай жаңа энергия көздері бізге аса қажет екендігін халық жете түсініп отырғандарын байқадық осы кездесулерде
Айта кетейік, атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.
Қымбат Садық