Қала мектептерінде сабақтар 40 минуттан өтеді. Бұл қаншалықты орынды және тиімді шешім болмақ? Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Естеріңізге сала кетейік, осы оқу жылының басталуы оқушылардың ата-аналарының сабақтарды қысқарту туралы жаппай өтініштерімен ерекшеленді. Сабақ ұзақтығын уақыт белдеуіне қарай өзгеруін бала құқықтары жөніндегі уәкіл ең дұрыс шешеім деп есептейді.

СӘУЛЕ ШӘКЕНЕВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ

Менің түсінуімше, біздің қалада үш ауысымда жұмыс істейтін көптеген мектептер бар. Сәйкесінше балалардың кешкі тоғыздар шамасында үйге оралмауы үшін, мектептегі сабақтардың 40 минуттан болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Сонымен қатар, маман қысқа сабақтар басқа уақыт белдеуіне ауысумен байланысты емес екенін атап өтті. 40 минуттық сабақтар бұған дейін де мектептерде күннің суық мезгілінде қолданылған. Мұндай пікірмен ата-аналар жағы келісе ме, зерделеп көрдік.

Осылайша ата-аналар пікірі екіге бөлінеді. Бірі мұны дұрыс десе, кейбіреуі айтарлықтай өзгерістер де байқап үлгермеген екен.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА