Үйсіз жануарлардың саны жыл санап артып келеді. Қоғамға қызмет жоба аясында үйі жоқ жануарларға акция ұйымдастырылып отырады. Осы жылы да 25 мектеп оқушылары баспанасы жоқ иттер пунктіне барып, жануарларға көмектесуде.
Біз қолға үйретілгендер үшін жауаптымыз» акциясы жануарларды қорғау және оларға қамқорлық көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Бұл акцияның аясында жануарларды қорғау ұйымдары мен еріктілер жануарларға күтім көрсетіп, олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударады. Осы ретте Павлодар қаласының 25 мектеп ұстазы мен оқушылары баспанасы жоқ үй жануарларына көмектерін беруде.
Балалар да осы істің маңызды қатысушылары. Олар жануарларға қамқорлық жасау арқылы өздерінің жанашырлықтарын дамытып қана қоймай, жауапкершілік алады. Бұл болашақта жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына жол ашады.
Көптеген жануарлар баспанаға жете алмайды немесе өздеріне күтім көрсететін жанашыр адамды таба алмайды. Сондықтан, жануарларға арналған баспаналар мен еріктілер оларға жаңа мүмкіндік береді. Айта уетейік акция аясы 20 өазанға дейін жалғасады.