Өңірлік коммуникациялар алаңында Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Ксентаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айлық қорытындысы, жалпы халықтың әл-ауқаты туралы мәлім етті. Алдағы бейнесюжеттен көрейік.

Баянауыл ауданы Павлодар облысындағы тірек аудандардың бірі. Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту қолжетімділігі 94,9 пайызды құрайды. Үстіміздегі жылы сумен жабдықтау объектілерін салуға республикалық және облыстық бюджеттен 2 жылдық жобаға 831 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

АРДАҚ КСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Торайғыров ауылында су құбырын салу II кезең, Баянауыл ауылындағы су құбыры тартылмаған учаскелерге су құбырының құрылысы, тарату қораптарын қоршау, сондай-ақ осы жобаның шекарасына дейін су тарту қарқынжы жүргізілуде. Дегенмен де осы бағытта өзекті мәселелер де жоқ емес. Сонымен қатар, Жүсіпбек Аймауытов ауылындағы су құбыры жаңғыртуды қажет етеді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып, 931 млн. теңгеге өтінімдер берілді.

Аудандағы барлық жолдың ұзындығы 680 км құрайды. Соңғы жылдары 134 шақырымнан астам жол жөндеуден өткен. Биыл 5 бағыттағы жолдарға облыстық бюджеттен 2 млрдтан астам қаражат бөлініп, жалпы аудандық маңыздағы және ауылішілік жолдардың 67,4 шақырымнан аса жол жөнделген. Бірақ, бұл жердегі кейбір кемшіліктер жүректі қынжылтады.Мәселен, Жұмат Шанин ауылына төселген асфальт жол жылға жетпей бұзылған болатын. Бұған жаңбырлы күндер мен су тасқыны себеп болған.

АРДАҚ КСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Мердігер «Павлодаргордострой» бүгінгі күні 13 шақырымды бітірді. Жауапты мамандармен сол жерге бардық, 7 км жол бұзылған. Қазір жұмыстар басталды, асфальт төсеп толықтай жасап беретін болды компания.

Білім саласы аясында 4 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. «Дипломмен ауылға» жобасымен биыл 30 маманға бюджеттік несие, 50 адамға көтерме жәрдемақы қарастырылған. Ал туризм саласына тоқталсақ, 90-қа жуық кәсіпкер жұмыс істейді, жалпы 200 мыңға жуық турист келген.

АРДАҚ КСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Туризм саласы бойынша 4 инвестициялық жобалар, оның ішінде 2 демалыс үйлеріндегі корпустарының құрылысы және жол бойындағы сервистерінің 2 нысан құрылысы жүргізілуде, жалпы инвестиция көлемі 2 млр 670 млн. теңгені құрайды. Сабындыкөл көлінің.....облытық бюжетке өтінім тапсырылды.

Баянауыл ауданында азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік қолдау бағытына бюжеттен 95 млннан астам теңге бөлініп, 700-ден астам адамға әлеуметтік төлемдер берілген. Жалпы елдімекен ахуалы артып келеді.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕА