Жылу беру маусымы кезінде улы газбен улану фактілері жоғарылайды. Сондықтан пеш жағу қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, үйге улы газ анықтайтын датчик те орнатқан жөн. Осы ретте төтеншеліктер қысқа дайындық рейдін жүргізді. Оның қорытындысы қандай? Тілшіміз айтсын.
Павлодар облысында жыл басынан бері 78 өрт фактісі тіркелді. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 10 тұрғын жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл өрт фактілерінің статистикасы 34 пайызға төмендеген. Ал қысқы жылыту маусымына дайындық барысында төтеншеліктермен айлық ұйымдастырылды.
ТЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы аясында арнайы рейд жүргізілді. Өрт санын азайту. Түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік осал топтағы адамдарға көңіл бөлінеді. 253 датчик орнатылды. Арнайы дыбыс шығарып, дабыл қағады.
Жалпы улы газдарды анықтайтын датчиктер қолжетімді. Оны интернет-дүкендерде 5000 теңгеден бастап сатып алуға болады. Қолданылуы да қарапайым. Осы ретте, төтеншеліктер жер үйде пеш жағатын тұрғындарды аталмыш датчиктерді орнатуға шақырады.
Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА