Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауы жан-жақты саланы қамтыды. Ол түрлі пікірге тоғысып, қоғамда талқыға түсіп жатыр. Өңірдің құрметті азаматтарының пікірі қандай? Алдағы сюжеттен көрейік.

Мемлекеттің дамуы үшін, сол мемлекеттің тұрғындары да белсенді атсалысуы қажет. Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан, заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы халыққа маңызды, әр бағыты бүгінгі күннің шындығына негізделген.

БЕЙСЕНБІ МҰҚАЖАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕН АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Біздің болашағымыз, ертеңіміз, біздің ұрпағымыздың өмірі үшін жасалған әдемі жолдауда айтылған сөздерді қолдаймын. Және барша халқымыз бірауыздан қолдап, орындайды деп сенемін. Өйткені, біздің еліміз өркениет жолында. Жаңа Қазақстан, жаңа ұрпақ, жаңа ережелермен толықтырылып, біз әлемнің озық елдері қатарына қосылып, Қазақстан өзінің байлығымен, салт-дәстүр, қонақжайлығымен, қасиетпн әлемді таңғалдыра алады деп сенемін.

Мемлекет алдында қазір біраз күрделі өзгерістер тұр. Оны тек ел болып біріге жүзеге асыра аламыз. Міндет көп – мақсат айқын.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНАН