Бүгінде 100-ден астам ұлттың басын қосқан егемен елімізде түрлі этнос өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлеуіне мүмкіндік бар. Ал, мемлекеттік тілді білу баршасының қастерлі борышы. Бұл ретте облыстық тілдер фестивалі ұйымдастырылды. Тілшіміз баяндасын.

2017-жылдан бері қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне 5-қыркүйек тілдер күні деп белгіленді. Міне, өңірде бір ай көлемінде тілдер айлығы өтті. Оның қорытындыысы негізінде обылстық «Тіл-достық құралы!» атты фестиваль ұйымдастырылды. Шараға өзге ұл өкілдері, зиялы қауым, мекеме және ұйым басшылары мен студенттер қатысты. Алдымен келуші қонақтар этномәдени бірлестіктердің қолданбалы өнер көрмесін тамашалады.

АЙГҮЛ МАЛИКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген тілдік мәселелер шешіліп, жүйелі түрде мемлекеттік тіл саясаты бойынша түрлі игі шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді қастерлеп, үйрену Қазақстанның әр азаматының парызы. Біздің мемлекетіміз этнос өкілдерінің ынтымағы мен бірлігін жарастырып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан мемлекет.

Тілдер айлығы шеңберінде 200-ден астам іс-шара,яғни түрлі кофнеренциялар мен байқаулар өтті. Мұның бәрі өңірде тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстарды мәдени-рухани қолдау бағытында аясы кеңейген игі бастамалардың бірі.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл жерде ең басты маңыздылық – жалпы мемлекеттік тілдің әрі қарай кең етек жайып, дамуына үлес қосу. Тағы да бір айта кетерлік дүние барлық бізде орналасқан этнос өкілдерінің, мәдени орталықтардың тілдерін дамыту болып саналады. Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тілдің дамуына барынша үлес қосып жүрген азаматтарды тысқара қалдырмайды, конкурстар, фестивальдар ұйыидастырылып келуде.

Мерекелік шара барысында мемлекеттік тілді кеңейтуге, нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, этномәдени бірлестіктер ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы мен алғысхат, сондай-ақ облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.

ТИМУР ОНЯНОВ, №27 ЖОББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғаннан кейін оның беретіні көп. Себебі, мен өзге ұлт өкілі болсамда тиіп жатқан пайдасы өте көп. Мысалы, қазіргі таңда мектепте міндетін атқарушы болып істеймін. Жалпы, қазақ тілінде немесе орыс тілінде болсын ата-аналар келеді. Сондықтан еш қиындық келтірмейді.

Облыстық тілдер фестивалінің соңы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА