Павлодар облысында адам паппилома вирусына қарсы екпе салу өткен аптада басталды. Бүгінгі күнге дейін 40-тан астам қыз балаға вакцина егілді. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысына 5600 доза адам папиллома вирусына қарсы вакцина әкелінді. Енді екпелер емханалар мен мектептердің егу кабинеттеріне жетіп, егу жүріп жатыр. Медициналық қызметкерлер де екпенің маңыздылығын түсініп, өз балаларына салғызуда.

ОКСАНА ЧИКИНА, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Мен қызыма АПВ-ға қарсы екпе салдырдым. Себебі қызымның денсаулығына алаңдаймын. Соңғы кезде онкологиялық сырқаттар көбейіп кетті. Алдын алу үшін екпеге рұқсат бердім.

МАҚПАЛ ҚАРЖАУБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Павлодар облысында өткен жұмадан бастап адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталды. Осы күнге дейін 44 қыз бала салғызды. Түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр. мектептерге барып ақпараттандыру жүргізудеміз.

Айта кетейік, АПВ вакцинасын салу бойынша біздің облыс алдыңғы қатарда. Елімізде тіпті екпе науқанын бастамаған өңірлер де бар екен.

Самал Қалиқызы