Өнер адамдарды байланыстырады, біріктіреді. Мәселен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мандала энергосуреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ол орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жобасы аясында өтті.

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» жобасы әркез әртүрлі бағытта ұйымдастырылады. Бірде аудандар мен қалалар жергілікті ақын, жазушыларын ұлықтап, шара арнаса, бірде осындай энергия толтыратын кештер өткізеді.

МАЙЯ ИСАКАЕВА, ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС СЕКТОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біздің облыстық кітапханада орталықтанған кітапханалар жүйесі бірнеше жыл бойы жүзеге асуда. Бұл аудандық, орталық жүйелері өздерінің жобаларын осы біздің кітапхана әкеліп жұртшылыққа көрсетеді. Оның ағартушылық, мәні зор.

Осылайша Екібастұздық кітапханашылар облыстық орталыққа мандала энергосуреттерін әкеліп, көрмеге қойды. Онда әуесқой суретші жерлесіміз Лилия Мингазованың мандала суреттері көпшілікке ұсынылды. Бұл жерде форма, геометриясы ұқсас бірақ бір уақытта әртүрлі жұмыстар болды. Көздің жауын алатын суреттер медитациямен бірге ерекше қабылданды.

ЛИЛИЯ МИНГАЗОВА, ӘУЕСҚОЙ СУРЕТШІ

Мен ауыр жол арқылы бұл өнердің түріне келдім. Менде дәрігерлер қатерлі ісік анықтаған кезде, барлық манипуляциялардан өтіп, осы жолға келдім. Алтайлық суретші Елена Карловаға оның жұмыстары ұнады деп жаздым. Ол маған ұнаса жаз, сыз, жаса деп кеңес берді. Мен дүкенге барып, керек жарақты алып, алғашқы жұмысымды жасадым. Содан бері өмірімде көптеген өзгерістер бола бастады.

Мандала суретіне қарап, адамның жай күйі, жағдайы туралы айтуға болады. Мандала-терапия кезінде адам арнайы техникалармен сурет салып, оны бояйды. Оның өзі бір өнер. Осындай ерекше өнер үлгісі бүгін облыстық кітапхана қабырғасында орын тепті.

Самал Қалиқызы