Атом электр станциясын салу қоғамның кең талқылауынан өту қажет. Бұл жөнінде облыстық мәслихат депутаттары өз пікірімен бөлісті.
Жасыл энергия көздерінің ерекшелігі-олар көмірқышқыл газы мен басқа да газдардың бөлінуін азайту арқылы климаттық өзгерістердің алдын алады. Бірақ,жасыл энергияның артықшылықтары көп болғанымен, оның үнемі тұрақты болмауы-бұл энергия көзінің ең үлкен кемшіліктерінің бірі дейді депутат.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
АЭС менің ойымша біздің Республикамызға өте қажет. Өйткені қазіргі уақытта еліміздегі энергия тапшылығын осыдан 40-50 жыл бұрын, ең кемі салынған ГРЭС, ТЭЦ жағдайларын, олардың 70%ы жоғары тозып тұрғанын көзіміз көріп жүр. Жасыл энергия деп айтамыз енді жел, жаңбыр, жел мен судан алынатын энергия бұл енді үнемі бола бермейді, табиғатқа байланысты. Сондықтан үздіксіз берілетін ауаға зиянсыз осы АЭС салуды барлығымыз қолдауымыз қажет деп есептейміз. Өйткені ол бізді басқа мемлекеттерден энергия алу тәуелділігінен құтқарады және болашақта еліміздің өсіп-өркендуіне экономиканың дамуына өте қажет құрылыс деп есептеймін.
Атом электр станциясы жыл бойы тұрақты қуат өндіре алады, ал бұл энергия тапшылығын болдырмауға және жасыл энергияны тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева