Референдум өтеді дегелі еліміздің әр өңірінде халықтық штабтар құрылды. Павлодар облысында да аталмыш штаб бір айға жуық жұмыс жасады. Бұл туралы толығырақ келесі сюжетте.

Референдум аясында Павлодар облысында 1 ай бойы халықтық штаб жұмыс істеп, елдімекендерді аралады. Онда 7 жұмыс тобы құрылды. Құрамына еліміздегі барлық партия өкілдері, қоғам белсенділері кірді.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ

Штаб жұмысы кезінде 717 кездесу өткіздік. Облыстың барлық аудандарына бардық. Тіпті кейбір аудандарға екі реттен де бардық. Шалғайдағы ауылдарды да қамтыдық. Халықтық штабта 10 адамнан тұратын 7 жұмыс тобы құрылды. Павлодар облысында 10 аудандық, 3 қалалық штаб жұмыс жасады. Штабқа «Ауыл», «Республика», «Байтақ», Халықтық партия, «Ақжол», «Атамекен кәсіпкерлік палатасы», Облыс кәсіподақтары, жас депутаттар қауымдастығы, «Жебе» клубы кірді. Олар әр түрлі алаңға барып, халықпен кездесіп отырды.

Бұдан бөлек, халықтық штаб құрамына зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының экология, энергетика салаларының оқытушылары, ғалымдар, Ассамблея мүшелері де енді.

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А.

Төртінші қыркүйектен бастап барлығымыз 6 саяси партия, қоғамдық бірлестіктер штаб құрған болатынбыз. Халықпен кездестік. Соңғы 10 күні бойы үйлерді араладық. Ақсақалдарына кіріп шықтық. Бұл жерде 100 шақты адам кірді де, ай бойы біртіндеп мүшелер кіре берді. Апта сайын қатарымызға қосып жатырмыз.

Айта кетейік, халықтық штаб аясында түрлі пікірталастар ұйымдастырылады. Дебатқа қатысушылар өз ойын ашық жеткізе алады.

АРМАН ӘЛИЯҚПАРОВ, Г.Н. ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

МЕн әлеуметтік желі арқылы осында алаң барын білдім. Яғни келіп референдум, АЭС бойынша өз пікірінді айтып, дебатқа қатысуға болады екен. Мында келгендердің бәрінің өз пікірі бар. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын.

Референдумға санаулы күндер қалды. Бұл күні ел халқы АЭС-тың тағдырын шешетін болады.

Самал Қалиқызы