Студенттердің теориялық білім алуымен қатар, тәжірбие жинақтау маңызды. Осы орайда Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледж студенттері үшін агросабақ ұйымдастырылды. Жергілікті шаруалар шәкірттерді күзгі дала жұмыстарына қатыстырып, көкөністерді биологиялық тұрғыда өңдеуді үйретті. Сондай-ақ заманауи технологиялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Өз ісіңнің майталманы болу үшін теория мен тәжірбие ұштасуы керек. Білім ошағының 35 студентті «Ертіс Агро» серіктестігінің алқабында техниканы меңгеріп, өсімдік қорғау ісімен танысты. Бұл аспаз, дәнекерлеуші, механизатор мамандығына білім алып жүрген шәкірттер. Дуальды білім беру жүйесінің болашақ мамандарға берер мүмкіндігі мол.

ИГОРЬ ЩЕРБАК, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Біздің ауданда қоғамға қажет мамандарды даярлайтын колледж бар болғаны керемет. Себебі, жастар үйден кетпей ақ есепші, дәнекерлеуші, фермер, жүргізуші мамандықтарын меңгере алады. Сондай-ақ бұл салада тәжірбиесі бар мамандардан дәріс алу мүмкіндіктері бар екенін айтамын. Біз түлектерді екі қолға бір күреп тауып, жұмысқа қабылдаймыз. Бұл жерден олар өз ісінің нағыз шебері болып, машықтанады....

Студенттер техниканың барлық түрімен танысып, жаттығады. Озық технологиялы комбайндар, топырақты терең қопсытатын трактор және басқа да заманауи құрылғылармен жүріп үйренеді.

ДАНИЛ КРАСНОПЁРОВ, СТУДЕНТ

Мен бұл алқаптарда комбайн жүргізуді үйрендім. Әрине, бастапқыда оңай болған жоқ. Біртіндеп қолға алдым. Өнеркәсіп саласы қызықтырғандықтан мен осы аграрлық колледжге оқуға түстім. /// 00.39

Қазір күзгі дала жұмыстары қызған сәт. Студенттер де бұл науқанға ат салысты. 15 мың гектар жерде картоп жинап, майлы дақылдардың пісіп жетілу кезеңімен танысты. Айта кетейік, колледж ұжымы жергілікті шаруалармен ынтымақтастықта жұмыс жасауда.

РАШИД ГАБИДУЛИН, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ

Біздің колледж 4 мамандық бойынша даярлайды. Ауыл шаруашылық, дәнекерлеу, есепші, аспаздар білім алады. Биыл біз бірінші курсқа 75 студент қабылдадық.

Сондай-ақ бұл күні студенттерге өсімдіктерді химиялық қорғау тәсілдері бойынша семинар-оқытудан өтті. Лектор ірі химиялық өнімдер шығаратын компания. Шәкірттерге дақылдардың ластану дәрежесін дұрыс анықтау және ауылшаруашылық өнімдерін арамшөптерден қорғау тәсілдері көрсетілді.

АПСАМАТ ЖҮСІПОВ, МЕНЕДЖЕР-ТЕХНОЛОГ

Біз бүгін осы балалармен, студенттермен агро сабақ өткіздік. Біз үйреттік қалай препараттармен жұмыс істеу керек. Қалай қолдану керек. Не деген препараттар.

Бұдан кейін студенттер алған білімдерін нығайту үшін тестілеуден өтті. Оның нәтижесі бойынша қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды.

Әйгерім Тоқпанқызы