Жастар театры Павлодар қаласына гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымы өңір көрермендеріне «Жанарымдағы жалғыз әуен» поэтикалық қойылымын және Сәбит Дүйсенбиевтың шығармаларынан «Махаббат миниатюраларын» ұсынды. Толығырақ театр әртістерімен жүздескен тілші әңгімесінде.

Театр ұжымы гастрольдік сапарын Павлодар өңірінен бастаған. Екі күн бойы олар поэтикалық тіл мен махаббат лирикасын жырлайтын екі қойылым тарту етті. Өнер ұжымы талғампаз көрермендер ықыласына бөленді.

 АЗАМАТ ЕСҚҰЛОВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

Осы Кереку өңірінен Павлодар қаласында екі күн. Кеше бүгін Өзіміздің қойылымдарын қоямыз. Серілердің отынына келгенде не қоямыз дегенде Ол жақ әнді жақсы көреді. .. спектакльдерді әкелдік. Кереку өңірін өте жақсы көреміз. Өйткені өнерді таза бағалайтын, өнерді жақсы көретін мекен.

Жастар театры биыл 18- маусымының шымылдығын ашқан. Павлодардан соң Семей, Өскемен шаһарларында өнер көрсетпек. «Оян қазақ» фильмінде Міржақып Дулатовтың рөлін сомдаған әртіс Бақыт Қажыбаев Павлодар халқы өнерді жоғары бағалайтынын айтты.

БАҚЫТ ҚАЖЫБАЕВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

Павлодар, Кереку өңіріне келіп, халықпен жүздесіп, өз өнерлеріміз көрсетіп жатқан жайымыз бар. Әлі, көрмеген білмеген көрермен келіңіздер, біздің театр қойылымын тамашалаңыздар.

Айта кетейік қыркүйек айында Ертіс баян театрлар фестивалі өткен еді. Бұл өнер додасында театрдың актері, режиссері Дәурен Серғазиннің «Күйеу бала» қойылымы гран-при иегері атанды. Сондай-ақ оған ең үздік режиссер атағы берілді.

Әйгерім Тоқпанқызы