«Бастау бизнес» - берекелі кәсіп негізі. Аталмыш бағдарламаға қатысып, қаржылық қолдауға ие болған жандар көп. Солардың бірі-Түркістан облысынын Шарбақты ауданына қоныс аударған Дүйсеновтер отбасы.

Бұл кафенің ашылғанына бірнеше ай ғана уақыт болды. Түркістан облысынан көшіп келген Дүйсеновтер отбасы жанұялық кәсіп ретінде қолға алған. Жылдам тамақтандыру жүйесін негізге ала отырып, кафенің болашағын биік белестерге жеткізуді мақсат еткен.

БАҚБЕРГЕН ДҮЙСЕНОВ, КӘСІПКЕР

Қыркүйек айында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып өз кәсібімізді осылай жүргізіп жатқан жәйіміз бар. Бұнда барлық жағдайлар жасалған. Өмір сүруге қолайлы. Барлық көмек жасалып жатыр. Осылай кәсібімізді жасап жатырмыз отбасымызбен

Қайтарымсыз грант сомасы 1 млн 400 мың теңгеден астам. Бұл қаржы кәсіпті алаңсыз бастауға көмек болды дейді. Негізінен қазіргі уақытта сұранысқа ие тағам түрлерін дайындап, аудан тұрғындарына қызмет етуде.

БАҚБЕРГЕН ДҮЙСЕНОВ, КӘСІПКЕР

Негізгі бағытта бізде фасфут. Пицаа, суши қуырылған атуық қанаттары, лағман сондай бағыттарда істеп жатырмыз. Сондай бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тұрақты қонақтарымыз бар. Жұмысымыз жақсы жүріп жатыр

Қонақтарға дәмді тағам ғана емес, қонақжай пейілімізді де тарту ету басты мұратымыз дейді кәсіпкерлер. Айта кетейік, кәсіпкер ауыл адамдарын да жұмыспен қамтып отыр.

Жанасыл Серікбол