Күні кеше ғана елордада мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті. Аталған жиынға Павлодар өңірінен 125 депутат қатысып, мемлекет басшысы жүктеген міндеттермен танысты. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билік органдарының жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті. Халық қалауларының құзыреттілігін арттырып, қоғаммен тікелей жұмыс жасауды тапсырды. Себебі, депутат – бұқара мен билікті жалғайтын көпір.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер өзекті. Біз барынша халыққа жақын болып, қоян қолтық жұмыс жасауымыз керек. Әрине, Президент депутаттық корпус жұмысының формальды сипатқа ие екендігін өте дұрыс атап өтті. Сондықтан біз депутаттардың азаматтар алдындағы беретін есебін қайта қарастырамыз. Бұл бағытта жаңа формат енгіземіз. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестерімнің құзыретін арттыру қажеттігін атап өтті.

Біздің өңір депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша әлеуеттік жобаларға басымдық берілуде. Облыстық мәслихат жұмысы модернизациядан өтіп, жаңа форматта жұмыс істеп келеді. Қараша айында бұл бағытқа жаңашылдықтар енгізіледі екен.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Қараша айында толықтырылатын форматқа біз нақты жол картасын құрастырамыз. Бірінші кезекте комиссия жұмысын жетілдіреміз. Президент Парламент Мәжілісінен үлгі алу қажет екен айтты. Біз барлық жүктелген міндеттерге қатысты жоспар құрып, орындаймыз.

Жұртшылықтың тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы халық қалауларының назарында болуы тиіс. Себебі, депутат халықтың үні.

Әйгерім Тоқпанқызы