Ұстаздық ең қадірлі мамандық. Мұғалім алдынан өтіп, тәлімін көрмеген жан кемде-кем. Ғұмыр бойғы еңбек жолын осы салаға арнаған жандар аз емес. Солардың бірі Гүлзадада Бердіғожина. Ал, ардагер ұстаз Қуантай Шақаманова Шарбақты ауданындағы алғаш қазақ сыныптарының ашылуына жолында еңбек еткен. Тілшіміз тарқатады.

Гүлзада Қаруанқызы еңбек жолын 1986-жылы бастаған. Содан бері 38 жыл бойы ұстаздық жолында еңбек етіп келеді. Облыс орталығындағы педагогикалық жоғары оқу орнын тәмамдаған соң бірден туған жерге оралып еңбек жолын бастаған.

ГҮЛЗАДА БЕРДІҒОЖИНА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Бұл менің үшінші мектебім. Алдымен өзімнің туған елімде Жаңаауылда жұмыс атқардым. Тоқсаныншы жылдары тұрмысқа шығуыма байланысты Назаровка орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және химия пәнінен сабақ бердім. 2001 жылы Абай Құнанбаев атындағы мектепке шақырылғандықтан кейін қалауыммен келдім. Себебі, қазақ мектебінде жұмыс істегім келді. Осында істегеніме жиырма үш жыл болды

Химия және биология пәнін таңдауына өзінің мектептегі ұстазы ықпал еткен екен. Оқушы кезінде алған қызықты сабақтары мен тағылымы арқылы қиын болса да химия пәнін таңдапты. Қазір осы пәннен сабақ беруден бөлек, білім ордасында директордың оқу ісінің орынбасы болып та еңбек етеді.

ГҮЛЗАДА БЕРДІҒОЖИНА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Жұмыс оңай емес. Мектептің барлық негізгі құжаттарын дайындаймын. Ең бірінші оқу жоспарын құрастырамыз. Жылда бұйрықтар өзгеріп жатады. Сабақ жүктемелерін бөлеміз мұғалімдердің. Ода кейін біз сабақ кестесін құрастырамыз.

Әрине, бұдан да өзге білім ордасының толассыз жұмысын атқару оқу ісі жөніндегі орынбасрадың міндетінде. Негізгі мақсат жас ұрпақтың алаңсыз білім алуы.

Ал, ардагер ұстаз Қуантай Шақаманова аудандағы алғашқы қазақ сыныптарының ашуға ат салысқан. Тіпті, аудандағы алғашқы қазақ мектебінің қабырғасын қаласқан жан.

ҚУАНТАЙ ШАҚАМАНОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Тоқсан төртінші жылы аудан әкімі қаулы шығарды қазақ мектебін ашу керек деп. Сосын ескі ғимаратты өзіміз жөндеу жүргізіп, 80 оқушы, 10 ұстаз жаңа мектептің негізін қаладық. Сол кездегі балалардың патриоттық ссезімі керемет деп айтуға болады. Сонда биология пәнінің мұғалімі болып бастағам.

Қуантай Шәйкенқызы зейнет жасына жетсе де еңбек етуін тоқтатпаған. Ғұмыр бойы жас ұрпаққа тәрбие берген ол қазір де жас ұрпақтың жадында жүрсін деп аудан тарихы, аудан орталығының көшелеріне есімі берілген тұлғалардың кім екендігі жөнінде еңбек жазҒан. Өзге де ағартушылық бағытындағы жобалары бар.

Жанасыл Серікбол