Павлодар жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті рет сенбілік шарасын ұйымдастрды. Бұл жолы су айдындары қоқыстан тазартылды.

Павлодар облысының 50 ге жуық жас азаматы Усолка өзенінің жағасына жиналды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті рет сенбілік шарасын ат салыспақ. Дәстүрге айналған шара бұл жолы су айдынын тазатуға арналды.

Су айдынындағы сенбілік үшін арнайы көлік құралы да алынған. Қаланың белсенді жас тұрғындары өз міндеттерін атқаруға кірісті.

Сенбілікке жоғары оқу орындары мен колледж студенттері де ат салысты.

Жанасыл Серікбол