Павлодар қаласы мектептерінің 100-ден астам оқушысы автомат жинап, пневматикалық винтовка атып, кермеде тартылды. Олар осылайша «Жас ұлан» бағдарламасы бойынша кубокқа таласты. Өткен жылы бұл жарысты №18 мектеп жеңіп алған еді. Биыл Кенжекөл мектебі кубокті еншіледі.

«Жас ұлан» бағдарламасы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті кубогына әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс өтті. Дәстүрге айналған шараға қаланың 37 мектебінен 9-11 сынып оқушылары қатысты.

ӘЛИХАН СЕРІКОВ, Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Бүгінгідей сайысқа бірінші рет қатысып отырмын. Әскер деген ер азаматтың парызы. Қарапайым элементтерді білу керек. Бәрін білу керек.

Сайысқа шаһардың білім беру ошақтарынан 160-қа жуық бала қатысты. Олар пневматикалық винтовкадан атып, кермеде тартылып, автомат жинады. Сондай-ақ, 1000 метр қашықтықта уақытқа жүгірді.

АБЗАЛ ИДРИСОВ, №30 ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Дәстүрлі сайыс осы сайыс. Осы сайыс қорытындысы облыстық сайысқа іріктеп аламыз. Олар мында автомат бұзады, кермеде пневматикалық винтовкадан ату бойынша осы сайыстарға қатысады.

Жарыс жыл сайын өтеді. Қалалық іріктеуден өткен мектептер облыстық кезеңде бақтарын сынайды. Яғни биыл алған кубогін жеңімпаздар келесі жылы басқа үздіктерге табыстайды.

ШЫҢҒЫС САРЫБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫҒЫ

Бүгінгі щаралар жас ұлан бағдарламасы бойынша өтіп отыр. Бүгінгі әскери спорттық сайыс ұстаздар күнімен теңесіп қапты. Жылда өткізіледі. Бұның барлығы әскери паториттық сезімін ұлғайту, сүйіспеншілігін көтеру үшін.

Ұстаздар күні мерекесіне орай, Павлодар қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының алғыс хатымен жас жеткіншектерді баулып, патриоттық тәрбие берген мұғалімдер марапатталды.

Самал Қалиқызы