Қазан айының алғашқы жексенбісі күні ұстаздар күні атап өтіледі. Биыл да дәстүрден қалмай, үздік мұғалімдер төс белгілермен, алғыс хаттармен марапатталды. Толығырақ шараға қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

Дәстүрлі түрде Естай атындағы мәдениет сарайында қала мектептерінің ұстаздары марапатталды. Алдымен шаһар басшысының орынбасары Светлана Гладышева ақ жарма тілегін білдірді.

СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құрметті ұстаздар! Осы ерекше күні сіздердің жасаған еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіргім келеді. Жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздарға да алғыс шексіз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, істеріңізге сәттілік тілеймін.

Марапаттау рәсімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгіні» , «Құрмет», Министрлік атынан марапаттарды табыстаумен басталды. һ Ал, қаламыздағы №35 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айбек Камиль «Жыл мұғалімі» атанды. Осы білім саласында 16 еңбек етеді екен.

АЙБЕК КАМИЛЬ, №35 ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Оқушыларымның көптеген жетістіктері бар. Қалалық, облыстық және халықаралық. Сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Сол үшін алып жатырмын деп ойлаймын. Басқа мектептердің арасынан осы жүлдені алу өте үлкен жетістік деп ойлаймын, жетістік ден санаймын.

Түрлі бағыттар бойынша 64 педагогтің еңбектері «Заманауи менеджер», «Бала жанының бағбаны», «Шебер ұстаз», «Аялы алақан», «Қайсар тәлімгер», «Білім тарланы», «Айбынды ұстаз», «Қамқор жүрек» номинациялары бойынша марапат алды.

ДАМИР СМЫКОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Жалпы ұстазды жолды 2018 жылы таңдадым. Осы ұстаздық жолда өнерге баулимыз. Кескіндеме, графика үйретеміз. Құзырлы ұстаздар, суретшілер жұмыс істейді. Үздік жүлдегерлері десе де болады.

Сондай-ақ, 8 қала мектептері арасында өткен 53-ші спартакиада қорытындыланды. Шара соңында ұстаздар құрметіне концерттік бағдарлама ұсынылды.

Самал Қалиқызы