Павлодарға С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының әртістері келді. Мәдениет мешіті өлкеміздің көрермендеріне қандай қойылын ұсынады? Алдағы бейнематериалдан білейік!

Қарағандылық С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театры сапарларын Павлодардан бастады. Өнер ұжымының қоржынында бірнеше жаңа қойылымдар бар. Ал Павлодар өңірінде тарихи музыкалық драма Қыз Жібек спектакльмен шымылдығын ашты.

НҰРТІЛЕК АСЫЛБЕК, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

Бұл спектаклдің ерекшелігі көрермендерге айтар ойы. Көбінесе үнсіздікпен психологиялық кез келген сұрақтарды шешу жағынан ерекшеленеді басқа Қыз Жібектерден

Сәкен театрының өңірпаздары Ертіс көрермендеріне Ғабит Мүсірепов, Оралхан Бөкей, Мұқағали Мақатаев және Мұхтар Әуезовтың туындыларын арқалай келген. Осы арқылы әдеби шығармалардың айқын көріністерін ұсынбақ.

КЕҢЕС ЖҰМАБЕКОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ

Гастроліміздің бастап жатырмыз. Кереку халқы өнерді бағалайтын халық. Көрермендері бүгінгі қойылымға дайындалған. Сондықтан да біз міне жылда келеміз –Халық керекуліктер бізді жақсы қарсы алады деп ойлаймын. Біздің жастарымыздың ойының келіп көрсін. Осының бәріне көрермендер көп келеді ғой деп ойлаймын

Айта кетейік, Сәкен теартының тарихы тереңнен бастау алады. Биыл өнер ұжымы 93 маусымның шымылдығын ашты. Айта кетейік, мәдениет ошағына ұлы тұлға есімі Сәкен Сейфулиннің есімі осыдан 60 жыл бұрын берілген.

Байтұрсын Жұмабай