Сондай-ақ, №1 қалалық ауруханада эндоскопия әдісімен жасалған операция өтті. Дәрігерлердің айтуынша бұл тәсіл науқастардың өмір сапасын арттырады. Толығырақ тілші материалында.

Асқазан-ішек жолдары ауруынан зардап шегетін науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта науқастың ішкен тамағы дұрыс қорытылмай, қан құсуымен асқынған.

ТАСҚЫН РҮСТЕМОВ, ДӘРІГЕР-ХИРУРГ

Бүгінгі күндегі істелінген операция бұл науқастың алғашқы шағымдары осы 2 апта көлемінде тамақтың өтпеуі және асқазанның жоғары бөліктерінің ауырсынуы. Сонымен қатар осы 1 апта көлемінде қан құсуымен асқанған болатын. Ол науқас бізде жедел түрде хирургия бөлімінде асқазан ішегінен қан кету диагнозымен ем қабылдап. Сол ем қабылдау арасында тексеріс кезінде біз асқазанның төменгі бөлімінде қатерлі ісіг обырын тапқан болатынбыз. Сол қатерлі ісігі обыры өнешті жарты бөлігін жауып, сонымен қатар ол асқазанның кардиялық бөліміне қарай өсіп бара жатыр. Сол себепті осы науқасқа байланысты консирум жүргізіп, тусыстарынның келісімімен сөйлесіп, жағдайын түсіндіріп айтып. Біз осындай эндоскопиялық гастростомын қою шешіміне келген болатынбыз.

Гастростома асқазанға арнайы түтікше арқылы тікелей тамақтандыруға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұл әдіс науқасқа ауырсынуды азайтып, асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік берді.

ТАСҚЫН РҮСТЕМОВ, ДӘРІГЕР-ХИРУРГ

Науқасты операция жүргізу барысы тек қана эндоскопиялық тұрғыда, ешқандай кесу, ота жасау болған жоқ. Халықтық түрде апаратпен тексеру жүргізіп, гастростомды қойған болатынбыз. Науқасқа ол біріншіден 2-3 күн ішінде науқас өз қалпына келіп, гастростома арқылы тамақ қабылдап, амбулаторлық жағдайда үйіне шығуға болады. Бұндай ота біздің жақта бірінші рет емес, осыған дейінде жүргізген болатын.

Отаның бұл әдісі науқастардың өмір сапасын жақсартады.

ТАСҚЫН РҮСТЕМОВ, ДӘРІГЕР-ХИРУРГ

Бұндай операцияны біз көбінесе өнештің қатерлі асқазанның қатерлі ісігі бар және содан басқа инсульт алғаннан жұтыну тамақ қабылдау бұзылыстары болғандықтан және травма алған науқастарға жүргізуге болады. Егер де болашақта туыстарыңызда, таныстырыңызда осындай жағдай болатын болса, біз жедел медициналық сақтандыру порталы бойынша ақысыз тұрғыда жүргізе аламыз.

Гастростома орнатылғаннан кейін күтім маңызды. Айта кеткен жөн, науқасқа ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін жасалды.

Сабина Жолдаспаева