83-ші музыкалық маусымын ашқалы отырған Иса Байзақов атындағы облыстық филармония жаңа музыкалық жоба әзірледі. Джаз оркестрі сүйемелдейтін баритон триосының кеші аншлагпен өтті. Толығырақ келесі сюжетте.

Жазғы демалыстан кейін Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртістері күш жинап, жаңа маусымды жаңа леппен бастады. Үш солистің дауысы бір деммен тыңдалды.

ӘЛИЖАН ҚАЗЫБЕКОВ, И.БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘРТІСІ

Негізі бұл концерт күтпеген концерт. Жоспарда болған жоқ. Сол кезде ой туындады. Осындай жоспарланған концерт жасадық. Бәрі бізде көмектесті. Джаз коркестрі.

Осылайша трио қосылып кеште 13 әнді шырқады. Жеке-жеке бір әнмен де ортаға шықты.

ӘЛИЖАН ҚАЗЫБЕКОВ, И.БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘРТІСІ

Бірінші блокты біз рояльмен жасадық. Онда көбінесе қазақи нақыштағы әндер болды. Екінші блокта минуспен, яғни биге ырғақты әндер таңдалды. Үшінші блокта біз болығымен джаз оркестрмен өнер көрсеттік.

ВИКТОР ШЕЙКИН, ДЖАЗ ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Біріншіден бізде керемет баритондар пайда болды. Сол қуантады. Олардың базасы жақсы, білімдеру жоғары. Сондықтан бағдарламаны таңдау, жасау қиын болмады. Ешқашан санамыздан өшпейтін классикалық туындылармен қуантып отырмыз.

Үш баритон көрермендерге қазақ, кеңес кезеңіндегі және шетелдік музыкадан сусындатты. Жиналған халық өнерпаздардан қошеметін аямады.

Самал Қалиқызы