Павлодар қаласының №1 аурухана дәрігерлері күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды. Операция заманауи медициналық құралдар мен технологиялар қолданылды. Білікті дәрігерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ота сәтті аяқталды.

Екібастұз қаласының тұрғыны Сергей Воробьев №1 қалалық ауруханаға дене сарғаюы және әлсіздік белгілерімен түскен. Дәрігерлер науқастаң өт жолдары қатерлі ісікпен жабылғанын анықтады.

ЕРЛАН ЖАҒЫПАРОВ, №1 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Бірінші кезеңде ота жасалды, алдымен өт айдау ағынын жақсарту қажет болды. Бұдан кейін сарғаюды тоқтату қажет болды. Кейін біз Астана қаласының Онкология орталығынан кеңес алдық. Бұл жағдай операциялық жағдай болып табылады. Себебі науқасқа радикалды ота жасау қажет болды. Екінші кезең Астана қаласының ғылыми онкологиялық орталығында басталды. Гепатобилиарлық хирургия мамандарының қатысуымен, бөлім меңгерушісінің басшылығымен жедел ота өтті. Панкреатодуоденальды резекция отасы жасалды.

Мұндай резекция өте күрделі. Себебі ота сәтті өтпеген жағдайда, ас қорыту мүшелері ауыр жарақат алуы мүмкін. Білікті мамандардың септігімен ота сәтті өтті.Айта кетейік операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін өтті.

СЕРГЕЙ ВОРОБЬЕВ, ЕМДЕЛУШІ

Павлодарға келдім. Себебі,бұл жерде керек жабдықтар, кәсіби мамандар жеткілікті. Мені тексерістен өткізді.Олар алдымен менің ота жасатуға келісімімді алды. Мен келістім.Барлық тексерулер мен оталар маған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жасалды.

Хирургтың айтуынша, мұндай науқастарды аяққа тұрғызу үшін ұзақ мерзім уақыт қажет. Себебі, ұйқы безі өте күрделі орган болып табылады. Сондықтан бұндай операцияларды жасау үшін кәсіби мамандардан кеңес алған жөн.

Сабина Жолдаспаева Анастасия Ерш