Тұрмыстық газды пайдаланудың өз ережелері бар. Ал, кейбір тұрғындар ескере бермейді. Мәселен, газ баллонын көпқабатты үйде пайдалауға болмайды.

Осы қағиданы түсіндіру мақсатында Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Мойылды ауылында рейдтік іс-шара жүргізді. Мойылдыда екі бірдей бес қабатты түрғынүй бар. Осы жылдың ақпан айында жүргізілген рейд барысында газ баллонын қолданатын отбасылар да анықталған.

Рейд барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері пәтерлерді аралап қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Жадынамалар таратты.

Газбаллонын көпқабатты үйде қолданғаны үшін жеке 7, заңды тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл көздеген.

Жанасыл Серікбол