Ұстаздар күні қарсаңында, осы салаға ғұмырын арнаған жандар жайлы айтуды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз Тереңкөл ауданының тұрғыны, ардагер ұстаз Ғалия Жұмасанова. Оның жолын ұл-қыздары жалғаған. Ұстаздар әулеті жайлы келесі сюжетте.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп қазақ бекер айтпайды. Осы жолды таңдап, талай шәкірттің бағын ашып, тәрбиелеген қаншама мықты, білікті ұстаздар бар. Солардың бірі 30 жылын білім саласына арнаған Ғалия Жұмасанова.

ҒАЛИЯ ЖҰМАСАНОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Менің ағам Тұяқов Алыбай ұстаз болды мені де баулыды. Солармен жұмыс істедім. Алғашқы вожатый болдым. Биологиядан сабақ бердім. Бәрі де мен сияқты ұстаз болды.

Ғалия Адамқызы ағасы жолынан ерсе, оның балалары анасының жолымен ерген. Жолдасымен бірге 5 бала дүниеге әкеліп, тәрбиелеген. Солардың барлығы дерлік шәкірт тәрбиелеуді таңдаған.

ҒАЛИЯ ЖҰМАСАНОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Үлкен қызым қазақ тілі маманы. Одан кейін ұлым мұғалім. Айгүл қызым бастауыш сынып мұғалімі. Одан кейін қызым Ақсуда ұстаз. Өз жолымды қуып ұстаз боп отыр. Өз орнымда Айгүлге бердім.

АЙГҮЛ ЖҰМАСАНОВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Мұғалімдік салам өмір маған ұнайды. Анамнан көрген үлгіні балаларға білім ретінде бергім келеді. Өзімде қандай жақсылық бар, соны балаларға бергім келеді. Балаларды үйретуге тырысып жатырмын сол бойынша. Соңғы кезде ақпараттандыру, жасанды интеллект жиі айтылады. Сол бойынша заманауи әдістермен балаларды үйретіп жатырмын. Тәсілдерді үйретемін сол бойынша.

Ғалия Жұмасанова ширек ғасырдан астам уақыт бойы білім саласында еңбек етіп, шәкірт тәрбиеледі. Тегістік ауылы мектебінде өзі оқып, осында талай оқушыны білім нәрімен сусындатты. Қазір шәкірттерім жер-жерде қызмет етіп отыр деп мақтанышпен айтты, ардагер ұстаз. Ғалия Адамқызы қазір бейнетінін зейнетін көріп отыр. Немерелері де әжесінің жолын қуып, қазір білім ошақтарында еңбек етіп жүр.

ҒАЛИЯ ЖҰМАСАНОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ

 Енді өздерінің таңдағандары сол болды. Өздері таңдады. Бәрі де менің жолымды қуды. 5 бала әкелдім. Міне биыл 54 жыл біздің қосылғанымызға.

Ұстаздық ауыр әрі сан қырлы мамандық. Әсіресе бүгінгі ақпараттандыру мен технологиялар заманында баланы баурап алу, көңілін бөлу, тәрбиелеу қиынның қиыны. Соған қарамастан осы саланы таңдап шәкірт тәрбиелеуден шаршамай, талмай жүрген қаншама ұстаз, қаншама ұстаздар әулеті бар.

Самал Қалиқызы