Павлодар қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде атақты жерлесіміз, фотограф Дмитрий Багаевтың 140 жылдығына орай дөнгелек үстел өтті. Шараға өлкетанушылар, фотографтар, қоғам қайраткерлері мен оқушылар қатысты.Толығырақ шараға қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.

Дмитрий Багаевтің біздің мәдениетімізге қосқан үлесі мол.Тұлға, фотограф және суретші ретінде үлкен табысқа және кәсіби биіктерге жетті. Өңірміздің тарихшысы, шежірешісі ретінде де көп еңбек сіңірді.

ГҮЛНӘР НҰРАХМЕТОВА, Г.Н. ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Багаев фотосуретші, тарихшы, өлкетанушы осы біздің Павлодар өлкетану музейінің бірінші директоры бірінші іргесін қалаушы десек те болады. Багаевтың суреттері өте көп жинақталған 1000-нан асқан суреттері біздің қорда жиналған. Айтып кететін жағдай Багаев қазақша жақсы білген. Өте көп ауыл аралаып қазақ халқының тұрмысын фото сурет ретінде салған. Соның арқасында қазір біз ұрпақтар осы Павлодар қаласының тумалары соның суреттеріне қарап оны зерттеп жүрген адамбыз.

Белгілі фотограф Павлодар өңірінің тарихын фотосуреттер арқылы құжаттаған.

ГҮЛНӘР НҰРАХМЕТОВА, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін Багаевтың 140 жылдығына арналған үлкен үстел өткізіліп жатыр. Оған өлкетанушылар тарихшылар студенттер жиналған. Бірінші мақсат Багаевтың суреттерін келесі ұрпаққа жеткізу. Оның істеп кеткен жұмыстарын айту. Көрмеде көптеген Багаевтың фотолары қойылған. Вклад Багаева в истории павлодарского прииртышья осы тақырып жөнінде көптеген докладтар болады. Оның ішінде балалар да қатысады,оқушылар.

Шараға мектеп оқушылары қатысты. Олар өз жобаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарын көрсетті.

АЯУЛЫМ ҚҰДАЙБЕРГЕН, ЖОБА ҚОРҒАУШЫ

Жобаның тақырыбы Багаевтың тұлғасы мен мұрасы тақырыбында жобы. Менің жобамда Багаев туралы жазылған. Багаев 14 жасында Павлодарға келіп өз өмірін Павлодармен байланыстырады. Мен осы жобамен Зерде олимпиадасына қатыстым,1 орын иегері болдым. Менің жобамның мақсаты ол біздің болашақ ұрпағымыз, болашағымыз өз елінің тарихын не болғанын білу үшін.

Дмитрий Багаевтың суреттері-қазақ халқының көшпелі өмірі мен тұрмысының құнды мұрасы.

Сабина Жолдаспаева