Облыс орталығында жылуға қосылмаған 4 көпқабатты үй қалды. Ал, әлеуметтік нысандар 100 пайыз қосылған. Өзге қалалардағы ахуал қалай? Жылу беру маусымының бастапқы кезеңі аппараттық жиында талқыланды.

Облыста қыркүйектің 9-нан бастап жылу беріле басталды. Қазан айының біріне дейін барлық олқылықтар дұрысталып үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылуды толықтай беру міндеттелген еді. Жиынға қатысқан әкімдер кезегеімен қазіргі ахуалды баяндады. Мәселен, облыс орталығыда жылу беру қарқыны мынадай.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

1300 көпқабатты үйдің 1296-сына жылу берілді. Қазір негізінен өгдірістік аймақтар қалды. Ол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. ТМ-20 жылу магистральы іске қосылған соң ол аумақтарға да жылу беріледі. Жалпы қазан айының 10-15-не дейін өндіріс орындарына толықтай жылу беріледі

Ал, Екібастұз қаласында 699 көпқабатты үйдің 450-не жылу беріліпті. Барлық 79 әулеуметтік нысан жылумен қамтылған. Әлеуметтік нысандарға қажет 8725 тонна көмірдің 6553-і жеткізілген. Сондай-ақ, 5754 жеке тұрғынүйдің 84 паййызы жылымен қамтылған.

АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір 70-тей үй орналасқан аумақта бригадалар жұмыс жасап жатыр. Олар қазан айының 3-не дейін міндеттерін аяқтауы тиіс. Содан кейін ол үйлерге жылу беріледі. Жиыны 17 бригада жұмыс істеп жатыр

Сонымен қатар, аймақ басшышы Екібастұз әкімдігіне тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдарға уақыты қарау керектігін айтты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жұмысты жақсарту керек. Халықты ақпараттандыратын бір адам тағайындайсыздар ма бір амалын қылыңыздар. Әйтпесе көп адам маған жазып жатыр. Осы кезеңде сұрақ көп болатыны түсінікті.

Ал, Павлода қаласы мен Ақсу қаласының әкімдігіне дайындық қарқынын түсірмеу тапсырылды.

Жанасыл Серікбол