Павлодар облысы мектептерінде 70-ке жуық бос орын бар. Яғни орыс тілі мен әдебиеті пәні, нақты пәндер бойынша мұғалімдер жоқтың қасы. Қазір өзге өңірлерден ЖОо түлектері шақыртылуда, ал біздің педагогикалық университет түлектері Елорда мектептеріне жұмысқа кіргенді жөн санайды екен.

Облыста 20 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы 58 пайызды құрайды, бұл былтырлан 4 пайызға жоғары.

ГҮЛМИРА БАШИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бізде оқытушылардың контингенті ескіріп барады. Сәйкесінше біз босаған орындарды толтырып отырмыз. Ауылдық жерлерде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. Соңғы екі жылда бұл бағдарлама аясында елдімекендерге жұмыс істеуге 400 жас маман барды. Оларға тиісті әлеуметтік жағдай жасалып жатыр. Баспанаға өтінім білдіре алады. Үй сатып алуға немесе салуға 15 жылға несие алуға болады. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау осылай жүзеге асып жатыр.

Қазіргі таңда Павлодар облысында орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілді сыныптарға беретін бастауыш сынып мұғалімдері, нақты математика пәндері бойынша педагогтер жетіспейді. Облыс бойынша 68 бос орын бар, оған конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

БАҚЫТГҮЛ АУШАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ

Оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен педагогтер 3 жылда бір біліктілігін арттырады. Курс өткізеді, біліктілігін арттурағ 5 жылда бір шеберліктерін дәлелдейтін санаттан өтеді. Педагогтер бар.

Осылайша нақты сала мамандықтарына қарағанда соңғы кезде ақпараттық технологиялар, айти, информатика саласына оқуға түсетіндер көбейген. Яғни жастар көркем әдебиет оқып, орыс тілі мен әдебиеті, есеп шығарып математика пәндерінен сабақ бергенді қаламайтын көрінеді.

АНАР КӘРІМОВА, ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДЕКАНЫ

Егер осыдан үш жыл бұрын педагог мамандығына шекті ұпайдан әрең асқан түлектер түсіп жатса, енді бізге мақсатты түрде жоғары ұпайлармен, жақсы нәтижелермен түлектер келеді. Соған қарап сапалы таңдау жүзеге асады. Бұл бізге бәсекелесе алатын, сұранысқа ие мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Кадр тапшылығы мәселесі өңірде әлі де ашық. Тіпті өзге облыстардан жас мамандар шақыртылған. Ал, біздің жоғары оқу орнын аяқтаған түлектер Елорданың мектептеріне орналасқанды жөн санайды екен.

Самал Қалиқызы