Железин ауданында күзгі жиын-терім науқаны қызу. Қазір шаруалар негізгі жұмысты аяқтап та қалды. Енді майлы дақылдарды жинау жұмысына дайындалуда.

Бұл Железин ауданындағы «КАБ» шаруа қожалығының сәбіз алқабы. Бұнда жұмыс бірнеше күн бұрын басталған. Шаруашылық биыл 70 гектарға сәбіз егіпті. Жазғы ауа райы жағдайынаа орай өнім мол болады деп күтілуде.

ТИМУР КАБДУЛОВ, «КАБ» ШҚ БАСШЫСЫ

Жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауа райы жұмыссымызға мүмкіндік беруде. Бұған дейін картопты жинап алғанбыз. Қазір сәбізді жинаудамыз. Жуырда арпаны ора бастаймыз.

«КАБ» шаруа қожалығы алдағы үш аптаның ішінде барлық жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр. Кәсіпорында жиыны 20-ға жуық адам еңбек етеді. Яғни, еңбек күші де, техника да жеткілікті дейді диқан. Мемлекеттен де арзандатылған сұйық отын, тыңайтқышқа субсидия алады. Ал, бұл шаруа қожалығының көкеніс қоймасы. Алқаптан жиналған өнім осында әкелініп сұрыпталады. Өзге де қажетті шаралар жасалады. Бұнда да техникамен жұмыс күші жеткілікті.

Ал, бұл «Черепанов» шаруа қожалығының шабындық алқабы. Қожалық диқаншылықпен қатар малды да өсіретіндіктен бір жылдық шөп тұқымын сеуіп, күзгі өнімін жинауда. Жалпы мың гектар алқапқа жем-шөп тұқымын өсіреді. Ал, бидайдың бәрін жинап алған. Былтырғымен салыстырғанда жақсы өнімділік болғанын айтады.

ГЕОРГИЙ ЧЕРЕПАНОВ, «ЧЕРЕПАНОВ» ШҚ БАСШЫСЫ

Жалпы 7 мың гектар алқап бар. Оның мың гектары жем-шөп. Алты мыңы астық тұқымы. 4 мың гектар бидай, 2 мың гектар арпа.

Қожалық биыл бидайды үш сұрпын еккен. «Қарағанды -300», «Омбы-35», және қазақстандық «Айна» сорты. Гектарына 14 центнерден өнім алған.

Биыл Железин ауданында жалпы есітік алқап 202 мың гектар. 134 мыңы астық. 41 мың майлы дақыл.

БАУЫРЖАН ҚАҢТАРБАЕВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Аудан бойынша бидай ору науқанының 98 пайызы атқарылды. Ауа райы мүмкінідк берсе бір-екі күнде мәреге жетуі тиіс. 2 мың гектар алқапқа егілген картоп та толық жиналды. Енді тек майлы дақылар ғана қалды.

Орақ науқанына 250 комбайн, 600 ден астам трактор жұмылдырылған. Ауданда 11 астық кептіргіш, 23 астық сақтау орыны бар.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНАН