Май ауданының құрылғанына биыл 85 жыл. Осыған орай аудан орталығы Көктөбе ауылында мерекелік шара ұйымдастырылды. Ол ғылыми конференциядан басталып, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыспен жалғасты. Ауданға барып келген тілшіміз айтсын.

Салтанатты шара «Туған өлке тарихы мен болашағы» атты ғылыми конференциямен басталды. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жерлестерді атаулы датамен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

СЕРІК БАТЫРҒҰЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жылдар бойы адам тұрғыныдарының жетістігі. Май ауданы белсенді қоғам мүшелері. Осы кісілер есімдері алтын әріппен жазылған. Аудан тарихы мәдениеттің жарқын үлгісі.

Май ауданының тарыхында есімі алтын әріппен жазылған азаматтар жетерлік. Бұл ауданнан талай батыр, ақын, ғалымдар, еліне адал қызмет еткен тұлғалар шықты. Олар осы жерде өсіп, білім алып қана қоймай өз өмірін ауданмен байланыстырып отыр. Осындай азаматтарды аудан әкімі 85 жылдыққа орай төс белгімен марапаттады.

КҮЛБАРШЫН МАСУҒУТОВА, А. ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Бүгін ауданда үлкен шара. Осыған орай еңбегім еленіп, төсбелгімен марапатталдым. Болашақта жастарды тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын.

РАШИТ БЕКТЕМІРОВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Май ауданы даму жолы қарқынды. Егін салынып жатыр. Нарық заманда халқы азайды. Май ауданы көркейеді деген ойымда бар.

Май ауданы талай тарихи кезеңдердің куәсі. Сондықтан аудан 85 жылдығын тойлау шеңберінде мәдениет үйінде көрме ұйымдастырылды. Онда елдімекеннің кешегі күнінен сыр шертетін жәдігерлер қойылды. Көрмеде 17-18 ғасырларды қамтитын экспонаттар орын тепті.

НҰРБЕК ЖҰМАДІЛОВ, ӨЛКЕТАНУШЫ

Алдарыңызда тұрған коллекциолар 17,18,19 жылдар экспонаты. Қалмақ соғысы денга бар. Оның ештеңесі жоқ Қалмақ соғысымен тұспа тұс келетін найза ұштары, денга онымен бірге қалмақ соғысына жатады. Оны бәрі осында көрсетілген.

Шара Этноауылда жалғасты. Киіз үйлер қойылып, ұлттық спорт түрлері қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру, армлреслинг, түйе палуан, қошқар тарту бойынша спортшылар жарысты.

Этноауылдағы салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Самал Қалиқызы, Медет Кәрім, ЕА, май ауданынан