Павлодарда Үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосты. Жиынға мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаменті мен облыстық мәслихат, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы ұйытқы болды. Не айтылды? Қандай мәселер көтерілді? Алдағы материалымызда.
Үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділер. Әрқайсының артында әр түрлі әлеуметтік топтар тұр. Олардың үнін жеткізіп, мәселелерін көтеру осы ұйымдарға міндет. Бұл тұрғыда қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділер айрықша роль атқарады. Сондықтан, бүгінгі жиында осы жолда атқарылуы тиіс бірнеше мәселе қаралмақ.
Президент мемлекеттік қызметшілердің халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керектігін жиі айтады. Бұның бірнеше тәсілі бар. Соның бірі осы қоғамдық бірлестіктер.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, Р ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Павлодарда қоғамдық ой-пікірді еркін жеткізіп жүрген көптеген қоғамдық бірлестіктер бар екенін білесіздер. Олар азаматтық ұстанымдары әркез жеткізіп келеді. Тиімді ұсысынтарды да айта біледі. Дұрыс коммуникация құрып мәселені жеткізе біледі. Мемлекеттік қызметкерлерге осындай үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істегендері өте маңызды. Бұл маңызды мәселердің шешімін табудағы дұрыс, бағыт, дұрыс жол
Мемлекеттік қызмет, билік бұрында үкіметітк емес ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Бірақ та, заман сәт санап өзгеріп, құбылып тұр. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмысты ширата түсу керек.
Мемлекеттік қызмет ісін жетілдіру – кезек күттірмейтін әркез назарда болуы тиіс. Жиын аясында осы тұрғыдағы ойлар да ортаға салынды. Жоспарлар айтылды.
Жанасыл Серікбол