Ауыл спортшылары өңірлік лигада бокс, еркін күрес, волейбол, шахматтан бақтарын сынады. Кіл мықтылар республикалық жарысқа жолдама алды. Толығырақ келесі сюжетте.
Ауыл - талай мықтылардың шыққан мекені. Осы жерден қаншама спортшы әлемдік аренада бағын сынап, ел намысын қорғады. Сондықтан ауыл спортына тиісті көңіл бөліну маңызды. Осы ретте «Ауыл спорты» өңірлік лигасы өтті.
АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ел басшысы Қасым Жомарт Тоқаев әр Қазақстан алдындағы жолдауында балалар спортына талап етеді. Павлодар облсысында спортқа көп назар аударылуда. Үш ауданда спорт сауықтыру кешендері салынуда.
Ардагер спортшылар осындай жас спортшыларға бағытталған жобаларды қолдайтынын айтты.
ВЛАДИМИР ЛЕВЧЕНКО, СПОРТ АРДАГЕРІ
Менің қазір жасым 76-да. Әлі күнге дейін спортпен айналысамын. Бізде волейболдан ардагерлер клубы бар. Түрлі жарыстарға барамыз, қатысамыз. Аптасына екі рет жаттығуға барамыз.
Жарысқа Павлодар облысының барлық аудандары қатысты. Спортшылар бокс, еркін күрес, баскетбол, волейбол, шахмат бойынша бақтарын сынады.
МАХАМБЕТ СЕРІКБОЛ, СПОРТШЫ (ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ)
Мен бұрында қатысқанмын. Тек жарыстарға баратынмын. Қазір барып жүрмін Ақсудан 3 орын алдым. Павлодар облысы турнирінен 3 орын алған. Аудандық жарыстардан да алғам. Біздің Тереңкөл ауданында арнайы бөлімше бар. Онда футбол да, еркін күрес те өтеді жақсы жаттықтырады.
Ауыл спорт жобасы – «Халық» қайырылымдылық қорының бастамасымен республика көлемінде қолға алынған, ауылдың спортқа қызығушылығын бар балалары мен жасөспірімдерін қолдауға арналған ауқымды жоба.
ӘЛИЯ СОВЕТОВА, СПОРТШЫ (ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ)
Волейболға 7 жыл қатысамын. Мама фокта жұмыс істейді. Мамам берген. Бәрі өзіме ұнайды. Біз Павлодар келесіз облыстық жарыстарға. Павлодарға келіп 5 орын алды.
Жалпы жарыста 100-ден астам спортшы бақ сынады. ЕҢ мықтылары республикаға жолдама алып қана қоймай, медальдармен, кубоктармен, арнайы сыйлармен марапатталды.
Самал Қалиқызы