«Жұлдыз-ай» жұлдыздардың жанатын мекені. Онда мүмкіндігі шектеулі жастар би билеп, ән айтып, өлең оқып сынға түсті. Жалпы 21 бала қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
«Жұлдыз ай» шығармашылық фестивалі осымен екінші жыл өтіп отыр. Ол мүмкіндігі шектеулі және менталды ауытқушылығы бар адамдардың шығармашығын дамытуға бағытталған жоба.
ДИНА ӘМІРҒАЗИНА, АТА-АНА
Бүгінгі шығармашылық фестивалі мүгедек балаларға арналған іс шара, шығармашылық жағынан ашлыуына көмектеседі. Әлеуметтік тапсырыс бойынша жасалып отырған шара.
Үш аталымда қатысушылар бақтарын сынады. Олар өлең оқып, билеп, ән айту бойынша сынға түсті. Қатысушылардың басым бөлігі ауылдық жерден келген.
ЕВГЕНИЯ СТЕЛЬВАГА, «АЛТЫН БАТА» ҚҚ ДИРЕКТОРЫ
Мүмкіндігі шектеулі немесементалды ауытқушылықтары бар адамдарға, балаларға қоғамға бейімделу жеңілірек. Оларға қалада барлық жағдай жасалған спортқа да шығармышылық бағытта қатысуға мүмкіндік бар. Үйірмелер, секциялар бар. Ал ауылдық жерде ондай жағдай жасалмаған. Барлық баланы қамту үшін осындай шара ұйымдастырылып отыр. Бүгін қатысып отырғандардың 50 пайыздан астамы осы ауылдан келгендер.
Фестивальға 14 жастан 35 жасқа дейінгі 21 адам қатысты. Шарада орын алғандар болмады, барлығы 20 мың теңгелік сертификаттарға ие болды.
Самал Қалиқызы