Елдің тыныштығы мен бірлігі қашан да маңызды. Сондықтан ұлтаралық, дінаралық қарым қатынасты сақтау тыныштық пен бейбіт өмірге кепіл береді. Осы ретте өңірлік этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен республикалық семинар өтті.
«Өңірдің этномәдени бірлестіктерімен өзара іс қимылды ұйымдастыру мәселері» жөнінде Достық үйінде республикалық семинар ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр облысынан этномәдени бірлестік өкілдері, қоғамдық келісім басшылары, ассамблея құрылымдары келді. Семинар барысында алдымен Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы аясында жұмыс жасайтын «Қоғамдық келесім» мекемесінің жұмысы таныстырылды.
Нұрия Кубенова, «Қоғамдық келісім» ҚММ басшысы:
Өңірдегі 16 жылдық тарихы бар. Балалар ауқымды шаралар әрекет етеді.
Шараның негізгі мақсаты – этномәдени бірлестіктері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. Күн тәртібінде тұрған өзекті сұрақтарды ортаға шығарып, пікір бөлісу. Осы ретте Павлодар облысында аналар кеңесі өте белсенді жұмыс жасап жатқаны айтылды. Кеңес өңірдегі мектептермен, ұйымдармен, балалар үйімен, әскери бөлімдермен тығыз байланыста.
Бақытжамал Максилова, «Нұр-ана әлемі» ҚБ төрағасы:
Кейбір жерлерге барып жүргенде бізде қоғамдық келісім бір бөлек деп, бізде ондай жоқ. Біз бәріміз бір шаңырақ астындамыз. Мақсатымыз мемлкеттік тілді жүзеге асыру. Солар келіп өнерлерін көрсетті.
Рамиль Смайылов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы:
Мен әрқашан айтамын бірлік идеясын алға тартып отырған адамдармыз. Біз этносаралық бірлікті дамыту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ал, Достық үйі ресурстық база, бұл әдістемелік база. Бірінші кезекте біздің бас әлеуметтік демеушіміз. Екінші өзара бірлесіп жұмыс жасау. Біз «Ассамблея жастары» қоғамдық келісім мекемесімен 200 ден астам шара өткіздік. Бұл форумдар, дөңгелек үстелдер.
Семинар пленарлық жиыннан кейін, эскурсиямен жалғасты. Қонақтар «Алтын сақа» шығармашылық орталығына», «Сервис және тамақтану колледжіне» барып, трамвайдың жұмысымен танысты.
Самал Қалиқызы