55 млн теңгенің вейпі тәркіленді
Павлодар облысында полиция жалпы құны 55 миллион теңгені құрайтын вейптер тәркіледі. Электронды темекілердің бұл партиясы Екібастұзда анықталды.
Екібастұз қаласында жүргізілген рейд барысында автокөлік тоқтатылып, оны тексеру кезінде интернет-дүкен арқылы тапсырыстар бойынша жеткізуге арналған электрондық темекі табылды.
Кенжебай Омаров, Екібастұз қаласы ПБ кезекшілік бөлімінің бастығы:
Екібастұз қаласының өнеркәсіптік база аумағында 55 бірлік вейп пен тұқыны тәркіледі. Екі күдікті жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда никотинді (вейптерді), сондай-ақ олар үшін сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшінің енгенін полицейлер еске салды.
Самал Қалиқызы