Успен ауданы, Галицкое ауылында жылу желілері жүргізіліп, жаңа ойын алаңы салынды. Бұл өзгерістер көбінесе бизнестің арқасында жүзеге асты. Толығырақ келесі сюжетте.

Галицкое ауылы-біздің аймағымыздың үлгілі ауылдарының бірі. Бұнда өңірдің ең танымал сүт кәсіпорны орналасқан. Тәулігіне 30 тонна сүті нарыққа шығарады. Сонымен қатар, көкөніс өсіру ісімен айналысады.

Александр Касицын, «Галицкое» ЖШС директоры:

2012 жылдан бастап біз суармалы жерлерді қалпына келтірумен айналыса бастадық. Ал сүт өндіру ісін жем-шөп базасынан бастадық. Біздің алғашқы кешеніміз 2010-2011 жылдары жаңартылды. Сол жылдары біз алғашқы суармалы учаскені – 350 гектарды қалпына келтірдік. Қазір шаруашылықта суармалы жерлер 1 600 гектар.

Алқапты жерге тіршілік нәрі жер асты суларынан алынады. Бір құдық құны - 100 миллион теңге. Ауылда 20-ға жуық ұңғыма бар. Бұдан бөлек ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. Мәдениет үйі қалпына келтіріліп, көшелер абаттандырылды.

Александр Касицын, «Галицкое» ЖШС директоры:

Біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы айттық. Бұл жай ғана сөз емес, біздің өмір салтымыз. Өйткені біз басынан көмектесіп жүрміз. Мектепке, балабақшаға жалпы ауылға керек.

Ауыл мектебінде 200-ге жуық бала оқиды. Сондай-ақ кәсіпкер Үздік студенттерге стипендия төлейді. Оқу орнының жанында ауыл балаларына арналған жаңа ойын алаңы салынуда.

Вячеслав Симоненко, Новопокровка ауылдық округінің әкімі:

Бұл жоба облыс бюджетінен бонустық трансферт есебінен іске асырылды. Ал "Галицкое" ЖШС кәсіпорны бірлесіп бюджет бөлген.Сонымен қатар бұл кәсіпорын қосымша тағы бір стритбол алаңын саламыз.

Ауылда өте жайлы өмір сүреміз. Қаладан кем емес.

Басқа ауылда өмір сүргім келмейді. Мен мұнда 47 жыл тұрдым.

Серіктестік директоры елді мекенді бірлесіп одан әрі дамытуды қолға алмақ. Жақын уақытта жылу желілері жаңарып, тағы бір көкөніс қоймасы салынады.

Сабина Жолдаспаева, Анастасия Ерш