Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшылары Ақсу қаласында жиналыс өткізді. Бұл бас қосу бұл сала мамандарының жұмысын зерделеу мақсатында арнайы өтті. Мемлекеттік қызмет сапасын қалай арттыру қажет? Бұл туралы толығырақ келесі сюжетте.
Жиналыс барысында департамент өкілдері қала әкімдігіне барып, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін, қызметшілердің біліктілігі мен тиімділігін бағалады. Қызметшілерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Асхат Искендиров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы:
Қазіргі кезде біз облысымызда түсініктеме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Ол ең алдымен жаңадан қабылдаған мемлекеттік қызмет дамыту тұжырымдамаға байланысты. Екінші мәселе Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлерінің жай-күйі бойынша. Яғни сапалы кадр саясатын жүргізу бойынша. Әдеп кеңестің жұмысы бойынша, яғни осы мемлекеттік қызметшілердің арасында әдеп нормасын сақтау мәселелері бойынша.
Департамент басшылары Ақсу қаласының мемлекеттік қызметшілеріне қойылатын талаптарын сөз етті. Сондай-ақ олардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жаңа шаралар енгізу қажеттігін атап өтті.
Нұргүл Қаирденова, Павлодар облысы БҰҰ «Әділдік жолы» филиалының басшысы:
Мемлекетік қызметшілер болғандықтан сіздердің негізгі міндеттеріңіз елге қызмет, халыққа қызмет болғаннан кейін. Бізге әсіресе көбінесе түсетін арыздардың бірі. Мемлекеттік қызметкерлерге барғанда бізге дұры жауап бермейді, этиканы үнем сақтамайды ндеген нәрселер келіп жатады. Сондықтан халықпен жұмыс жасағанда қызметтік босағаны аттағаннан кейін көңіл күйлеріңіз сыртта қалып, халықпен жұмыс жасауға келу керек.
Айта кетейік, мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшылары жиналыстан кейін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жұмыс барысымен танысты.
Сабина Жолдаспаева