Павлодар қаласының кез келген тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында №3 емханада оңалтудан өте алады. Ол үшін не істеу керек, қайда бару керек? Толығырақ тілшіміз айтсын.

Жетекші ауылының тұрғыны Гаухар Амантайқызы 2016 жылы жүректен инсульт алған екен. Сол сырқаттан кейін біраз оңалту орталықтарына барып, ем қабылдады. Қазір қаламыздағы №3 емханаға жылына бір рет келіп, оңалтудан өтіп отырады.

Гаухар Қуанова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Осында үшінші рет келіп тұрмын. Осында жақсы. Массаж, вибромассаж аламыз, физио бар. Бәрі тамаша онды.

№3 емханадағы бұл оңалту орталығы 5 жылға жуық жұмыс жасайды. Бұл жерден түрлі оталар мен жүрек ауруларынан кейін науқастар келіп ем алады. Тұзды шахтадан бастап, жаттығу кабинеттеріне дейін жұмыс жасайды. Заман көшінен қалмау мақсатында соңғы үлгідегі тиімді аппараттар қолданылады.

Мадияр Әбдікамалов, №3 емхананың физиотерапевт және оңалту дәрігері:

МӘМС жүйесі бойынша науқастарды емдейміз. Бұл жерде инфактан, инсульттен кейін ем қабылдайды. Балларды да қарастырамыз. Осы балаларды тегін емдейміз. Бұл жерде физиоем қабылдайды. Лазертерапия, биоптрон, тұзды шахтаға барады, ЛФК кабинеттері бар, жаттығулар жасайды. Басқа да емді қабылдайды.

Бұл оңалту орталығына келіп, жоғарыдағы қызметтерді алу үшін осы емханаға тіркеуде тұру міндетті емес. Тек терапевттің жолдамасы болса болғаны.

Мадияр Әбдікамалов, №3 емхананың физиотерапевт және оңалту дәрігері:

Бұл науқастар, терапевтер арқылы бізге жазылады. Ем қабылдай береміз. Басқа поликлиникалардан келе береді. Бұл жерде МӘМС арқылы ғана емес, ақылы өте алады.

Айта кетейік, оңалту орталығының курсы бір адамға 15 күн. Айына мында 60-65 адам келіп, тиісті реабилитациядан өтеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры аясында оңалту құны 100 мың теңгеден басталады.

Самал Қалиқызы