Никита Пархоменко жас та болса біраз туындыларымен елді таң қалдырған азамат. «Самал» оңалту орталығында оның жеке көрмесі өтті. Толығырақ келесі сюжетте.

Никита Пархоменко ерте жастан өнерге араласқан өнерпаз. Оның суреттерінен кешегі күннің іздері мен бүгінгі күннің бейнесін көруге болады.

Никита Пархоменко, суретші:

Барлық адамдар әртүрлі. Әсіресе мүгедектер оларды ештеңе түсінбейді деп ойлайды. Бірақ олар тілді ғана емес, суреттерді де түсінеді. Кез келген идеядан шабыттанамын, мысалы бір жерге барып келсем шабыттанып соны саламын.

Никита қазір «Самал» оңалту орталығында аспаздың көмекшісі болып жұмыс жасайды. Сондықтан орталықпен тығыз жұмыс істейді. Осы ретте, жас суретші Никита Пархоменконың көрмесі ұйымдастырылды.

Галина Беспалова, суретшілер одағының мүшесі:

Оның жұмыстары адамның жүрегіне жетеді. Бұл көрме өтті, кетті емес. Бұл бәрі үшін маңызды. МЕн Никитамен жұмыс жасаймын, ұстазымын және осы кезең менің өмрімде ерекше есте қалады. Ол туа біткен өнерпаз, композицияны қоя біледі. Түс, формамен мен көмектесемін. Ұзақ уақыт бойы бір туындымен жұмыс жасаймыз.

Никитаның туындылары әлеуметтік желі арқылы сатылады. Оған қызығып, өнерін бағалайтындар көп.

Самал Қалиқызы