Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөнінде құрылған халықтық штаб мүшелері марапатталды. Штаб мүшелері реферндум қарсаңында жұмыс істеп, ел үшін аса маңызды жобаның қажет екендігін халыққа түсіндірген еді.

АЭС құрылысын салу жөнінде өткен референдум ел ертеңін айқындаған маңызды шаралардың бірі болғаны белгілі. Қазн айының басында халық өз таңдауын жасады. Дауыс беру қарсаңында халықтық штаб жұмыс істеп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Облыс және партия басшылығы атынан сіздерге үлкен алғыс айтамын. Қысқа уақыт ішінде үлкен командаға айнала білдік. Команды. Әрқайсыларыңыз жеке уақыттарыңызды бөліңіздер! Әрине, әркімнің жұмысы, отбасылық мәелері бар. Бірақ, соған қарамастан біршама уақыт бойы осы міндетті алдыңғы қатарға қоя алдыңыздар. Көңіл бөлдіңіздер.

Шара аясында халықтық штаб мүшелеріне мемлекет басшысының, Мәжіліс төрағасының алғыс хааттары және өзге де марапаттар табысталды. Маңызды сәтте аянбай тер төккен жандарға алғыс айтылды.

Референдум қарсаңында халықтық шбат 200 рет халықпен кездесіп, 200 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Жанасыл Серікбол, Евгений Олейник ЕА.