Облыс әкімі Асайын Байханов атқарылған жұмыстары туралы халық алдында есеп береді. Кезекті кездесу Павлодар қаласы тұрғындарымен өтті. Жиында бұқара облыс орталығын абаттандыру, қалаға іргелес елдімекендерге балабақшы салу, медициналық пункт ашу, таза ауыз сумен қамту мәселелерін көтерді. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Кездесу әуелі өңір басшысының тұрғындар алдында есеп беруінен басталды. Облыс әкімі №3-ші жылу магистралі іске қосылғанын жеткізді. Нысан қуаты арқылы 230 көпқабатты тұрғын үйдің жылу қысымы жоғарлап, жылынды. Бұдан бөлек, әкім мырза облыс орталығының 9 бөлшегінде жылу желілері жөнделгенін жеткізді. Су құбыры, электра сымдар жаңарғанын айтты. Бұған қоса, тұрғын үй салу саясатында шарықтау бар. Биыл шаһардың мыңға жуық тұрғын қуанышқа кенеліп, пәтер кілттерін алған.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биыл мемлекетті бағдарламалар аясында 964 осал топтасына жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды. ... инвестиция көлемі жарты трлн теңгедан асты.
Шаһарда мектептерді жөндеп, заманауи үлгіге айналдыру ісі де орындалды. Келер жылы бұл бастама жалғасын тауып, 2 мектеп салынып, 5 білім ошағы жөнделеді екен.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жылы 12 мектепке 1,8 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі жылы жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 5 мектепке және 5 балабақшада жөндеу жүргізу жоспарланды. .. оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 8300 адам.
Игілікті істер жалғасын табады. Облыс әкімінің айтуынша келер жылы облыс орталығында бірнеше ілкімді жоба жүзеге асырылады екен.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Келесі жылы Лермонтов көшесімен Ертіс жағалауын абаттандыру бойынша екі ауқымды жоба іске асырылады. Заманауи қоқыс сұрыптау кешеннінің құрылысы басталады. Оларды біз наурыз айында ашамыз деп көздедік.
Айта кетейік, облыс әкіміне биыл 15 мыңнан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігіне оң шешім қабылданыпты. Өңір басшысының есебін тыңдағаннан кейін азаматтар сауалдарын қойлы. Әрине, түйіткілді мәселелер жоқ емес. Кездесу барысында теміржолшылар ауылы тұрғындары елдімекенде балабақша салып беруін өтінді.
Жиын барасында облыс әкіміне 20 ға жуық сұрақ қойылды. Өңір басшысы барлық мәселені назарға алып, қала әкіміне және жауапты мекеме басшыларына тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы