Істеген еңбегіңнің еленгені қандай жақсы. Осы мақсатта облыс, қала деңгейінде түрлі марапаттар тағайындалады. Мәселен, Ақсу қаласында осымен 2 жыл қатарынан «Белес» премиясы өтіп отыр. 30 марапат өз иесін тапты. Тілшіміз жалғастсырсын.
Ақсулықтар Голливудтық жұлдыздарындай керемет көңіл күймен, қызыл кілем үстінен өтті. Өндіріс саласының жұмысшыларынан бастап мәдениет, денсаулық, білім, спорт, мемлеттік қызмет, төтенше жағдай, полицияның үздіктері, блогерлер, оқушылар бұл күні «Белес» марапатына ие болды.
БОЛАТБЕК ШӘРІПОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгін біздің әр саладан таңдап адал еңбегі арқасында, ееңбекқорлығы арқасында марапттаймыз. Белес жай ғана марапат емес. қаланың дамуына үлесқоса алатыны. Айқын дәлелі.
Осымен «Белес» премиясының салтанатты табысталу рәсімі екінші рет өтіп отыр. Дәстүрге айналған марапат жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ақсулықтарды ынталандырып, жігер береді.
ЖӘМИЛЯ СЕМБАЕВА, С.ДӨНЕНТАЕВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (АҚСУ ҚАЛАСЫ)
«Белес» премиясы екніші рет өткізіп отырмыз. Қаламыздың кәсіпорындары, жеке меншіктер, кәсіпкерлер қатысып отыр. Бүгінгі күнде 30 номинациясы барлығы марапатталады. Мәдениет сарайының ұжымымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.
Аталмыш марапат қала мен ауылда әртүрлі салада ерекше еңбегі сіңген, белгілі бір жетістіктерге жеткен 30 азаматқа берілді.
Ақсу қаласының құрметті азаматтары да бұл марапатты құптап отыр.
ІЗБАСАР УСИНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Бүгінгі қуанышты күн. Барлық ақсулықтарға зор денсаулық тілеймін. Тамаша күндеріміз көп болсын, қызметте, жұмыста жүретін азаматтырымыз көбейіп, қуанышты күндерде ғана кездесе беруге жазсын.
Салтанатты марапат рәсімі концерттік бағдарламамен аяқталды.
Самал Қалиқызы