Қазақстан Халқы Асссамблеясының мүшелері мен аналар кеңесі ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арналған мерекелік кеш өткізді. Шарада 124 балаға сыйлық жасалып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Ассамблея ұйымдастыруымен қайырымдылық шыршасы биыл 6-шы мәрте өткізіліп отыр. Салтанатты кеш театарландырылған көріністен басталды. Мерекелік бағдарлама аясында балғындар Жаңа жылдық пойыздың жолаушылары болып, аяз аталар қаласы Лапландияға жол тартты. Сапар барысында олар ән тыңдап, мың бұрала билеген бишілердің өнерін тамашалады. Айта кетейік биыл жаңа жылдық қойылымға 124 балдырған қатысты.

Мерекелік шара көркін аяз атаның келуі ерекше қыздыра түсті. Өзге де ертегілік кейіпкерлер балаларды құттықтады.

Концерттік бағдарлама балалардың көңілінен шықты. Шара соңында олар Аяз ата қолынан сыйлықтар алды.

Әйгерім Тоқпанқызы