Жаңа жыл түнінде жедел көмек көрсету және шұғыл мәселелерді шешу үшін 109 бірыңғай байланыс орталығының операторлары да жұмыс орындарында қалады.Толығырақ тілші материалынан көрейік.

Жылдың аяқталуына санаулы уақыт қалды. Төтеншеліктер мен дәрігерлерге қоса, 109-қызметі де тұрғындардың қоңырауларын қабылдап, мәселесін шешуге әзір. Олар тәулік бойы қызметте, сондықтан мереке күндері жұмысқа шығу қалыпты жағдай.

АБЗАЛ ҚАБДРАШ, «109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Операторлар түнгі жұмысқа келген кезде кейбір қала тұрғындары хабарласып, мерекемен құттықтап жатады. Былтыр зейнеткер ата-әжелер хабарласып, орталықтың операторларына жыл бойы атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білідіреді. Бұл біз үшін керемет көңіл-күй сыйлайды, келер жылы көбірек жұмыс жасауға сенімді арттырады

Сондай-ақ, 109 байланыс орталығының қызметкерлері әр қоңыраудың артында көмекке мұқтаж адам тұрғанын түсінеді.

АБЗАЛ ҚАБДРАШ, «109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Кез келген сұрақтар бойынша хабарласуға болады, біз өз тарапымыздан өтінішті қажет болған жағдайда басқа операторларға жолдайтын боламыз. Біздің ең басты мақсатымыз келіп түскен тұрғындардың шағымдарын жылдам әрі сапалы орындап беру

Айта кетейік, жаңа жыл түні байланыс орталығының 2 операторы, ал қосымша резервте тағы 2 оператор күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қымбат Садық