Павлодар қаласында Жаңа жыл қарсаңында «Қызыл ай» қоғамының еріктілері игі шара ұйымдастырды. Олар аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіп, мерекелік сыйлықтар таратты.

Бұл қайырымдылық акциясы аясында еріктілер балаларға жылы киімдер, үйге қажетті құрал-жабдықтар және азық-түлік себеттерін табыстады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – мереке қарсаңында әр балаға қуаныш сыйлау және олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

ГҮЛНАР ИСАХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бүгін Павлодар облыстық қызыл ай қоғамы өзінің іс шарасын өткізіп жатыр. Шараның аты экстремальная зима деген. Бұл шараның ішіне біз 72 баланы алдық. Бұл балаларға қыстық курткалар, аяқ киім тапсырамыз. Көп балалы отбасыларға осыған қосып тағы да жылы көрпелер береміз. Сонымен қатар көп балалы отбасыларға продуктовый наборлар дайындадық, соны ұсынамыз.

Шараға қатысқан ата-аналар мен балалар Қызыл ай ұйымының мұндай қамқорлығына алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша мұндай көмек отбасыларға үлкен қолдау болды.

ҚАРЛЫҒАШ КҮРЕКБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА

Мен осы қызыл ай қоғамына мың да бір алғыс айтамын. Өзім асыраушыдан айырылғанмын. 5 балам бар өзімнің. Осы қызыл ай қоғамына рахмет. Жұмыстары алға жүре берсін. Барлық жақсылықты тілеймін. Жаңа жыл тек жақсылық әкеле берсін баршамызға.

Бұл акция Қызыл ай ұйымының жыл бойы өткізген қайырымдылық жұмыстарының жалғасы болып табылады. Бірлестік алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сабина Жолдаспаева